Жаңбырдың соңынан үсік жүреді - Қазгидромет 21-23 мамырдағы ауа райы жайында айтты
Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды кезең жалғасуда.
"Атмосфералық фронттардың әсерінен барлық дерлік аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, тек кей күндері ғана жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтап, -2°C аяз болады", — делінген хабарламада.
Ал оңтүстік-батыс ағындары, болжам бойынша, мамыр айының климаты шегінде күндізгі температураның жылынуын тудырады:
- батыс және оңтүстік аймақтарда +18+28°С дейін көтеріледі;
- солтүстік, орталық, шығыс облыстарда +15+23°С дейін;
Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде +7+15°С дейін төмендеді.
Сурет: unsplash