Қарағанды облысында шахтада жұмысшы қаза тапты

Жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді.

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz меди порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Qarmet» баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 12 наурызда түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында болған.

«Монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқан. Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген», — делінген компания хабарламасында.

Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен. «Qarmet» АҚ өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

logo

country-kz.com публикует актуальные сюжеты о лучших людях, компаниях региона.

Миссия портала Страна KZ - заключается в продвижении демократических ценностей в Казахстане путём предоставления точных, неподцензурных новостей и проведения открытых дискуссий в странах, в которых свобода слова находится под угрозой и в которых доминирует дезинформация. Попытки внешнего давления не влияют на нашу деятельность. Наши журналисты находятся на передовой в борьбе за свободу СМИ в Казахстане

Наш e-mail: [email protected]

Copyright © 2011-2025 . http://country-kz.com.
При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна. Редакция - [email protected]