Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды.

Өрт кезінде үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz -ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды, деп жазды 716kz. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

Құзырлы органдар әзірге басқа мәлімет берген жоқ.

logo

country-kz.com публикует актуальные сюжеты о лучших людях, компаниях региона.

Миссия портала Страна KZ - заключается в продвижении демократических ценностей в Казахстане путём предоставления точных, неподцензурных новостей и проведения открытых дискуссий в странах, в которых свобода слова находится под угрозой и в которых доминирует дезинформация. Попытки внешнего давления не влияют на нашу деятельность. Наши журналисты находятся на передовой в борьбе за свободу СМИ в Казахстане

Наш e-mail: [email protected]

Copyright © 2011-2025 . http://country-kz.com.
При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна. Редакция - [email protected]