Жауын, жел, бұршақ: сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

23 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуімен күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек оңтүстік аумақтарда жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Күндіз Жетісу, Ұлытау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында от шығу қаупі жоғары, ал өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде өрт тұтану қаупі аса жоғары.

Алматы облысының солтүстік жартысында от шығу қатері аса жоғары, сондай-ақ өңірдің оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

logo

country-kz.com публикует актуальные сюжеты о лучших людях, компаниях региона.

Миссия портала Страна KZ - заключается в продвижении демократических ценностей в Казахстане путём предоставления точных, неподцензурных новостей и проведения открытых дискуссий в странах, в которых свобода слова находится под угрозой и в которых доминирует дезинформация. Попытки внешнего давления не влияют на нашу деятельность. Наши журналисты находятся на передовой в борьбе за свободу СМИ в Казахстане

Наш e-mail: [email protected]

Copyright © 2011-2025 . http://country-kz.com.
При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна. Редакция - [email protected]